National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сайлауды байқау жөніндегі миссиясының басшылығымен кездесу өткізді

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин ЕҚЫҰ байқаушыларының қысқа мерзімді миссиясының басшысы Ирен Хараламбидеспен және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшысы Рейнхольд Лопаткамен кездесті.

Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды саяси реформалардың шеңберінде сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістер жайында айтты. Қазақстандағы Парламент сайлауына дайындық және оны өткізу барысын толыққанды бақылау үшін барлық жағдай жасалған. Сайлау процесін ЕҚЫҰ-ның халықаралық байқаушыларының бақылап отырғаны оның ашық және жария өтіп жатқанын көрсетеді.

Өз кезегінде, И.Хараламбидес пен Р.Лопатка Қазақстанның демократиялық даму жолына қолдау білдіретіндерін атап өтіп, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының депутаттары елімізде қолға алынған реформалардың аясында іске асып жатқан барлық негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациясын ерекше ықыласпен бақылап отырғанын жеткізді.

Құрамында 80-ге жуық парламентші бар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясы 19 наурыз күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау үшін елімізге келді. Бұл ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 1994 жылдан бері Қазақстандағы сайлауды байқауға келген он екінші миссиясы екенін атап өткен жөн.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы