National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент «Amanat» партиясын жаңғырту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

2022 жылғы 20 сәуір

Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кезектен тыс өткен XXII Съезде партияны жаңғырту жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Асхат Оралов партия Төрағасына Алматы, Шымкент қалаларындағы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жұртшылықпен кездесулердің нәтижелері, сондай-ақ қоғамдық қабылдаулардың жұмыстары жөнінде баяндады. Наурыз айынан бері Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау 6 өңірде, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тұрғындармен кездесулер өткізді. Маусым айының соңына дейін еліміздің барлық өңірінде қабылдауларды жалғастыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы негізгі бағдарламалық құжаттарды, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің қызметін, жергілікті жерлерде сайлауалды бағдарламаның орындалуын тексеруді, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, сондай-ақ «Ашық партия» тұжырымдамасы аясында «Talqylau» диалог алаңының іске қосылғаны жөнінде баяндады.

Президент тұрғындармен кері байланыс жасау ісін күшейту, аймақтарда депутаттық фракциялардың тиімділігін арттыру және партияның жастар қанатын жаңғырту қажеттігіне баса мән берді. 

Мемлекет басшысы азаматтарды толғандырған мәселелерді шешу үшін «Amanat» партиясында барлық қажетті ресурс бар екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, партияның аймақтық филиалдары осы мәселеде негізгі рөл атқаруға тиіс және өз деңгейінде мазмұнды қоғамдық диалогты нығайтуы қажет.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің