National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Президент білім жүйесін дамытуға арналған заманауи тәсілдермен танысты

2026 жылғы 26 тамыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім болашағы» көрмесін аралап көрді. Республикалық тамыз конференциясы аясындағы іс-шара саланы дамытудың заманауи тәсілдеріне арналған.

Президентке «Талдау орталығының» жұмысы және жасанды интеллектіні пайдаланатын талдау құралдары көрсетілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұғалімнің сабаққа әзірленуіне көмектесетін WONK педагогтің АІ-ассистенті таныстырылды.

Содан кейін Мемлекет басшысына Qalam AI, Beyim.AI, TopIQ және E-OQULYQ цифрлық шешімдері қолданылатын 3-сыныптағы математика сабағының үзіндісі көрсетілді.

Бұдан бөлек, Президент заманауи балалар басылымдарымен, соның ішінде әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ, ғылым, инженерия, робот техникасы мен инновация саласындағы оқушылар жетістіктерімен танысты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің