National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстандағы дипломатиялық қызметі аяқталуына байланысты Нидерланды Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Пейтер ван Леувенді қабылдады

 

Тараптар қазіргі заманғы көптеген жаһандық проблемаларға қатысты Қазақстан мен Нидерланды  ұстанатын көзқарастардың ұқсас екенін, бұл тиімді өзара іс-қимыл үшін берік негіз қалайтынын атап өтті.

Кездесу барысында 2014 жылғы 24-25 наурызда Гаагада Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитті өткізу перспективалары, сондай-ақ аталған халықаралық форумға Қазақстан тарапының қатысу мәселесі талқыланды.

М.Тәжин ғарыш саласында Қазақстан-Голландия ынтымақтастығының жандана түскеніне қолдау білдірді. Бұған қоса, ҚР Мемлекеттік хатшысы «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге голландық компаниялардың белсене атсалысады деп үміттенетінін жеткізді.

Кездесу қорытындысында М.Тәжин Пейтер ван Леувенге Қазақстан мен Нидерланды арасындағы екіжақты қарым-қатынастың дамуына қосқан жеке үлесі үшін ризашылық білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы