Жаңалықтар

1 желтоқсан 2013
Астанадағы «Эко такси» жобасының таныстырылымында болу

 

Мемлекет басшысы Қазақ елі монументі алаңында «Эко такси» қалалық такси паркі жобасының негізгі аспектілерімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев оны іске асыру ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қала инфрақұрылымын даярлау жөніндегі алғашқы қадамдардың бірі болып саналатынын атап өтті.

Жобамен танысу барысында Мемлекет басшысы өзіне ұсынылған автомобильдің бірімен жүріп өтіп, «Эко такси» такси паркінің алғашқы жолаушысы болды.

Жобаның мақсаты – Астанада экологиялық отынмен жүретін автомобильдерге арналған ірі такси паркін ашу, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсетудің заманауи түрлерін дамыту.

«AllurGroup» компаниясы жүзеге асыратын жобаның бірінші кезеңі мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде 100 автомобильді пайдалануға беруден басталады, олардың санын 2017 жылға қарай 500-ге дейін ұлғайту жоспарлануда. Бастапқы кезеңде инвестиция 450 миллион теңге болды. 

«Астана Эко такси» автомобиль паркі сұйытылған газбен жұмыс істейтін болады, бұл қаладағы экологиялық ахуалды ғана жақсартып қоймай, таксопарк қызметінің құнын арзандатуға мүмкіндік туғызуға тиіс. Қазіргі уақытта қалада 18 газ құю стансасы жұмыс істейді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу