Жаңалықтар

3 қыркүйек 2014
Елбасы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ға барды
Қостанай қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев өндірістік цехтарды аралап көрді және кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті. Дайын өнімдер қоймасында Қазақстан Президентіне кәсіпорында шығарылған автомобильдер көрсетілді.

 

Кәсіпорынды аралау барысында Мемлекет басшысы Toyota Fortuner және SsangYong Nomad автомобильдерін құрастыру үдерісімен танысты.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев өндірістік цехтарды аралап көрді және кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті. Дайын өнімдер қоймасында Қазақстан Президентіне кәсіпорында шығарылған автомобильдер көрсетілді.

 «СарыарқаАвтоПром» ЖШС автомобильдер мен өзге де моторлы құралдар шығарады. Өндірістік қуатына сәйкес, кәсіпорын жылына 1500 автомобиль құрастырады. Онда  500-ге жуық адам жұмыс істейді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары