National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Орталық Азия елдері және Ресей Қауіпсіздік Кеңестері хатшыларының бірінші кездесуі өтті

Алматы қаласында Орталық Азия елдері және Ресей Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының бірінші кездесуі өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиын қатысушыларына арнаған өзінің бейнеүндеуінде біздің аймақ үшін қазіргі жағдайда тұрақтылықты сақтау және қауіпсіздікті нығайту аса маңызды міндет екенін атап өтті. Ол үшін ықтимал қауіпке дұрыс болжам жасау, алдын ала әрекет ету шаралары және жаңа әрі сапалы ортақ әдістерді жедел әзірлеу маңызды.

Жиын барысында қазіргі халықаралық жағдайды және аймақтағы елдердің ұлттық мүдделерін ескере отырып, ынтымақтастықтың нақты салалары қарастырылды.

Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруға атсалысу, көлік және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да өзара іс-әрекеттердің басым бағыттарын ұсынды. Климаттың өзгеруі жағдайында ортақ экожүйені сақтау үшін су қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ осы күні Ғизат Нұрдәулетов пен Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің төрағалығымен Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеңесі аппараттарының арасында жоспарлы екіжақты кеңесу шарасы өтті. Оған тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Тараптар Орталық Азияда терроризм мен діни экстремизге қарсы іс-қимыл саласындағы іс-әрекеттерді талқылап, қазіргі геосаяси жағдайға баға беріп, пікір алмасты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 12 шілде

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

2023 жылғы 21 қыркүйек

Президент Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 16 қыркүйек

Ж.Н. Шаймарданов туралы